2019 жылдың 12 қарашасында Ересек қазақ "Жұлдыз" тобында тәрбиеші Ундаганова Айсұлу Хамитқызының ұйымдастырылған ашық оқу-қызметі болып өтті.
Ашық сабақта үй жануарлары мен олардың төлдері туралы толық түсінік беріліп өтті.

Тәрбиеші балаларды үй жануарларының түрлері мен олардың төлдерін атауға, оларға қамқорлық көрсетуге үндеді. Үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал-мәтелдер, сұрақ-жауап, жұмбақтар 
қойылып, жауаптары шешілді.
Білім саласы: "Коммуникация", "Шығармашылық"
Ұйымдастырылған оқу қызметі түрі:
Сөйлеуді дамыту. Аппликация
Тақырыбы: "Үй жануарларына күтім", "Мысық"