Бүгін яғни 2019 жылдың 13 қарашасында Ортаңғы "Айгөлек" тобының тәрбиешісі Бекбаулиева Гүлжамал Өмірханқызының "Өсімдіктер әлемі" тақырыбындағы кіріктірілген ашық оқу қызметі болып өтті.

Аталған оқу қызметінде балаларға жалпы өсімдіктер туралы мағлұмат кеңінен түсіндіріліп өтті. Тақырыпқа сәйкес тақпақтар, мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар жасырылып, түрлі сұрақ-сауалдардың жауаптары шешілді.
Ашық оқу қызметі соңында тәрбиеленушілер марапатталып, мадақталды.

Қандай әсем табиғат,
Көз тоймайды қарасаң.
Үзілген жерге жапырақ,
сан жетпейді санасаң.

Алтын түске боялған,
Дала, қала, бау-бақша.
Осынау тойды тойдауда,
Ханзада мен Күз Ханша!!!

"Күз Ханшайымы" ертеңгілігі
(Қыздар арасындағы сайыс)
Ересек қазақ "Жұлдыз" тобы
Тәрбиешісі: Ундаганова Айсұлу Хамитқызы